7.06.2016, 18:40
Оқылды: 17

«Жасаймын» деген жасқа жұмыс бар

Jasil el brifing  «Қазақстан-Орал» телеарнасында Орталық коммуникациялар қызметі филиалының ұйымдастыруымен «Облысымыздағы жастар еңбек жасақтарының 2016 жылғы жұмысын ұйымдастыру» тақырыбында брифинг өтті. Брифингке қатысқан   Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кенесары Нуршинов пен «Жасыл ел»  жастар еңбек жасақтарының облыс бойынша штаб жетекшісі Қанат Досмағамбетов қатысып, журналистердің сұрақтарына жауап берді.


  Облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Кенесары Бекболатұлының айтуынша студенттік  еңбек, құрылыс жасақтарының қызметін ұйымдастыру бойынша  өткен жылы  8 құрылыс нысанында 324 сарбаз жұмыс жасаған. Ал ағымдағы жылы 500-ден аса сарбазды жұмыспен қамту жоспарланған. Қазіргі күнде өңіріміздегі жұмыссыз жастар мен студент жастарды маусымдық демалыс кезеңінде еңбекпен қамту мақсатында облысы әкімдігімен жоспар-тапсырма бекітіліп, облыс орталығы мен аудандарда студент және жұмыссыз жастардан құралған еңбек жасақтары құрылды.  Мәселен қаламыздағы М. Өтемісов атындағы БҚМУ-62, Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-2, Орал болашақ көпсалалы колледжі-8, Орал мұнай, газ және салалық технологиялар колледжі-18, «Еуразия» индустриалдық- экономикалық колледжі-13, жұмыссыз жастар-25,  барлығы 130 жас жұмысқа  кіріспек. Сондай-ақ биылғы жылы облыс аумағындағы құрылыс нысандары, жол құрылысы, күрделі жөндеу, су құбырларын тарту жұмыстары, соның ішінде «Нұрлы жол»  мемлекеттік бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жүргізетін мердігер мекемелер тізімі жасақталып, Орал қаласында -6 нысан, аудандарда 23 нысанның мердігерлерімен келіссөздер жүргізілуде.

   Бүгінгі таңда Бөрлі ауданының, Приуралье ауылындағы жатақхана құрылысына -3  адам, Пугачево ауылындағы су, газ құбырлары мен құрылысы мен электр желілерін тарту жұмыстарына 5 адам жолданды. Басқа да мердігер мекемелерге жасақтар тізімі дайындалып, жұмыстың басталуы күтілуде.  Одан бөлек жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында жұмыс іздеуші жастардың базасы бар.  Ол базаға жеке қабылдауға келіп, жолыққан жұмыссыз жастар тіркеледі. Негізінен  «Жасаймын» деген жасқа жұмыс бар. Алайда жастардың көпшілігі қол жұмысына, аз жалақыға барғысы келмейді екен. Тіпті кейбірі жататын жері, тамағы, жұмыс уақыты, жұмыс орнына апарып, алып келуін талап етіп жатады. Сондықтан жастар жұмыс талғамай, төменгі сатыдан бастап, еңбек жолында көтерілсе кейін үлкен сұранысқа ие болады, -дейді Жастар ресурстық орталығының басшысы Кенесары Нуршинов. Мәселен аталмыш орталық арқылы қарапайым жұмысшы болып орналасқан  жас жігіт бүгінгі таңда қаламыздағы ірі өндіріс орындарының бірінде темір жонушы болып, қызмет атқарып жүр.  Өзі  түзету мекемесінен шыққан, мамандығы жоқ,  жас жігіттің қолынан іс келетінін байқаған жұмыс беруші оны өз есебінен оқытып, қамқорлық танытқан. Қазір оның жалақсы жоғары. Осындай мысалдарды көптеп келтіруге болады. Сондықтан жастар  ауыр жұмыстан қашпай, төменгі сатыдан бастауға ұмтылғаны дұрыс, - деді Жастар ресурстық орталығының мамандары.

     «Жасыл ел»  жастар еңбек жасақтарының облыс бойынша штаб жетекшісі Қанат Досмағамбетовтің берген мәлімдемесі бойынша  өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағы қатарында 1600 сарбаз жұмыс атқарып, олардың еңбекақысын қамтамасыз етуге облыстық және қалалық бюджеттен 19 млн. теңге қаржы бөлінген.  2016 жылы «Жасыл ел» еңбек жасақтары қатарында 1200 сарбаз жұмыс жасамақ. Олардың еңбекақысын қамтамасыз етуге облыстық бюджеттен 20,9 млн. теңге бөлінді.  Өткен жылы «Жасыл ел» еңбек жасағының сарбаздары  Орал қаласында, Ақжайық ауданындағы Тайпақ және Чапаев, Бөкейордасы ауданындағы Хан ордасы, Бөрлі ауданындағы Бөрлі, Зеленов ауданындағы Орал және Январцево, Теректі ауданындағы Ақжайық, Шыңғырлау ауданындағы Шыңғырлау орман және жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемелерде абаттандыру, көгалдандыру және аумақтарды қоқыс-қалдықтан тазарту жұмыстарын жүрігізді.  «Жасыл ел» жобасын танымал ету мақсатында «Өрле Қазақстан» жастар ақпараттық үгіт-насихат топтары арнайы кестеге сәйкес қаламыздағы  және аудандардағы елді-мекендердегі барлық жоғары және арнаулы орта оқу орындарында кездесулер ұйымдастыруда.

    Бұл жұмыстардың бәрі облыстың жас еріктілерінен құралған «Жасылаймақ» жобасы аясында іске асырылады. Бүгінде «Жасылаймақтың» қатарында қаламыздағы орта мектептердің жоғары сынып оқушыларынан құралған 50-ден астам жас өрен бар. Сондай-ақ облыс аумағын тұрмыстық қалдықтардан тазарту, жастармен түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, кездесу кештерін өткізетін «Жас эколог» қоғамдық бірлестігі облыс бойынша белсенді қызмет атқаруда. Қазіргі күнде «Жасыл ел» бағдарламасы аясында қала бойынша бірінші кезеңде  128 жас жұмыс жасап жүр. Олардың жалақысы  40 мың теңгені құрайды. Осы бағдарлама бойынша ауыл-қалада барлығы 800 жас жұмысқа тартылмақ.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале