20.10.2015, 10:14
Оқылды: 71

Жастардың қайырымды істері

IMG-20150929-WA0021Дәстүрлі қайырымдылық айындағы игі істерден облысымыздың жастары қалыс қалған емес. Осыған орай облыс көлемінде қайрымдылық іс-шаралары, түрлі акциялар ұйымдастырылуда. Әсіресе, облыстық және аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтары, жастар ұйымдары белсенділік танытуда. Бұл ретте Зеленов, Қаратөбе, Сырым, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарының жастар ресурстық орталықтары мен «Батыс-Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігі белсенділік танытуда.

Батыс Қазақстан облыстық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының қайырымдылық айлығына орай, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мектеп-интернатының оқушыларының бос уақытын тиімді ұйымдастыру, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, көпшілік спортты дамыту мақсатында «Кім шапшаң?»,«Кім жүйрік?»,«Кім зерек?» эстафеталық ойынын өткізді. Онымен шектелмей. 14 қазан күні Ю.Гагарин атындағы кинотеатрда «Бар мейірім – балаларға» атты қайырымдылық шарасын өткізді. Шара барысында орталық еріктілері балалардың көңілін көтеріп, әр түрлі ойындар ойнатты, Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ, режиссер Ерлан Нұрмұхамбетов пен Бекарыс Елубаев түсірген балаларға арналған комедия жанрындағы «Аңшы бала» көркем фильмі балалар назарына ұсынылды.

Шараға ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, №15 көмекші мектеп-интернатының, облыстық көру қабілеті бұзылған балаларға арналған арнаулы мектеп-нтернатының, облыстық есту және сөйлеу қабілеті бұзылған балаларға арналған облыстық мектеп-интернатының жоғарғы сынып оқушылары - барлығы 72 адам қатысты.

M4C9d14RmNUЗеленов ауданының Переметное ауылдық округінде Ұлы Отан соғысы, тыл ардагерлеріне үй жағдайында көмек көрсетті. Переметное ЖОББМ мұғалімдерінің ұйымдастыруымен  шағын концерттер өткізілді.

Қайырымдылық айлығы аясындағы акция 1 қарашаға дейін өз жалғасын табады және аудан көлеміндегі барлық ардагерлерді қамтып, осындай жұмыстар жүргізілетін болады. Айлық соңы  аудан орталығы Переметное ауылдық округінде  қарттарға арналған интернат үйінде  концерттік бағдарламамен қорытындыланатын болады.

Қаратөбе ауылында және Жусандой, Қаракөл, Қоскөл, Саралжын, Сулыкөл, Үшана ауылдарында «Қайырымдылық-ардың ісі» акциясы аясында жалғызбасты қариялардың үйлеріне барып, құттықтап, үй жағдайына, үй шаруашылығына қолғабыс етіп, жастар атынан көмек көрсетіліп, қарияларымыздың ақ баталарын алды.

Сонымен қатар 8 қазанда ресурстық орталық мамандарының ұйымдастыруымен «Мейірімділік жүректен» атты мерекелік кеш өткізілді. Жүректері жылылықты аңсайтын мүмкіндігі шектеулі жандарға  концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, мерекелік дастархан жайылып,тренинг ойындар мен дойбы ойындарынан жарыстар өткізілді. Дәл осы акция аясында Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің үйіне барып, жәрдемдесті. Мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесулер өткізілді. Кездесудің негізгі мақсаты – мүмкіндігі шектеулі жандарға материалдық және рухани жағынан қолдау көрсету, оларды да қоғам өміріне қатысуға, белсенді болуға ынталандыру болып табылады.

Сырым ауданында «Ардагерлерді ардақтайық» акциясы аясында 9 қазанда «Жас Отан» Жастар қанатының белсенділері Жымпиты ауылының тұрғындары жалғызбасты Усманова Файруза әжей мен Валиев Сатко атайдың үйлеріне барып көмектерін көрсетіп, қол ұшын созды.

IMG-20150930-WA0013Тасқала ауданы бойынша 1 қазанда аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Намыс» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Қариялар күніне арнап үйден арнайы әлеуметтік қызмет алатын жалғызбасты зейнеткерлерді құттықтап, шағын сыйлықтар табыстады. Сонымен қатар аудандық аурухана дәрігерлерімен бірге барып, қан қысымын өлшеп, кеңестер берді.

Атамекен ауылында «Қарттарым – асыл қазынам» атты дөңгелек үстел өткізіліп, артынан дастархан жайылып, шағын концерт ұсынылды.

Теректі ауданының Ақсоғым ауылдық клубында «Ән-жырымыз, жан жылуымыз сіздерге арналады» атты меркелік шара ұйымдастырылып, сол ауылдың жас өнерпаздары ән мен биден, жырдан шашу  шашты.  Сонымен бірге ауыл үлкендеріне арнап мерекелік дастархан жайылып, барлық мемлекеттік мекемелер мен шаруашылықтар демеушілік көрсетті. Приречное селолық округінің ЖОББМ-де «Аман жүрші, қарттарым» атты кеш өткізілді. Кешке шақырылған ауыл ақсақалдары мен ақ жаулықты әжелер, мүмкіндігі шектеулі жандар оқушылардың дайындаған мерекелік концерін тамашалап, мерекелік дастарханнан дәм татып қайтты.

Шыңғырлау аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының  ұйымдастыруымен 10 қазанда аудандық қарттар үйінде Шыңғырлау ЖОББМ «Жас ұлан» бірыңғай балалар ұйымының қатысуымен  «Қарттарым - асыл қазынам» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Өнерлерін ортаға салып, ата-әжелерді қуантқан оқушылар мереке соңында өздерінің кішкене сыйлықтарын қарттарымызға табыс етті.

Ауданның тыл ардагері Горбунова Нина Карповнаның үйіне барып көмек көрсетілді. Акцияға ауданның  белсенді жастары өз үлесін қосты.

Аталмыш акция аясында «Батыс Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің мүшелері облыстық клиникалық ауруханада ем алып жатырған ҰОС ІІ топ мүгедегінің, облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылының жəне М.Өтемісұлы атындағы сауықтыру мектеп-интернатының тəрбиеленушілерінің шаштарын жаңа үлгіде сәндеп қиып берді.

www.zhaikpress.kz

Ерген Ақмурзин,

облыстық жастармен жұмыс жөніндегі

ресурстық орталығының маманы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале