12.10.2015, 10:00
Оқылды: 48

Жастармен дін тақырыбында кездесу өтті

Kaztalov jastarmen bin takiribinda soilesu otti   Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің діни бірлестіктерінің жұмыс кестесіне сай Жалпақтал аграрлық салалық технологиялар колледжінде студент жастармен дін тақырыбында кездесу өтті.

Бұл шараға Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы Ғалия Ахметова, аталмыш колледждің директоры Мағауия Есмағұлов, оқытушылар мен студенттер қатысты. Кездесу барысында еліміздегі дінаралық келісімді нығайту, дәстүрлі ислам құндылықтарын насихаттау, тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, теріс пиғылды діни ағымдардың ықпалынан жастарды сақтандыру сынды өзекті мәселелер жан-жақты әңгіме өзегіне айналды.

-Дін – жалпы адамзат пен ұлттық мәдениеттің құрамдас бөлігі. Дін-тәрбие діңгегі. Ол имандылық пен сауаттылықтың тірегі мен құралы болғандықтан дінімізге қиянат жасау – үлкен күнә. Түрлі конфессиялар мен діни бірлестіктер қайтадан тіркеуден өтіп, олардың жұмысы туралы ақпараттандыру жақсы жолға қойылған. Аудан көлеміндегі орта мектеп оқушыларымен дін тақырыбына арналған кездесу жүйелі түрде өткізілуде. Қамшының сабындай қысқа ғұмырда Аллаға серік қосып, тура жолдан тайып кетпейік,-деп Ғалия Қабдолқызы өскелең ұрпақтың болашағына балта шаппақ ниеттілердің қармағына түспеу қажеттігін алға тартты.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале