14.10.2015, 10:05
Оқылды: 23

Жастармен жұмыс жанып тұр

жастар саясатыБұл туралы Теректі аудандық «Іс үшін – За дело» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Дулат Аққайыров мәлімдеді.

Аудандағы жалпы халықтың 28 пайызы, яғни, 10 581 адам – 14-29 жас арасындағы жастар. Олардың ішінде 2524 жас - жоғарғы, 2848 – техникалық, 865 адам арнайы орта білім алған мамандар. Өткен жылы 84 жас «Жастар тәжірибесінен» өтті, үстіміздегі жылы 87 адамды осы бағдарлама бойынша еңбек тәжірибесін алуға жолдау жоспарда. Оның үстіне жыл басынан бері «Дипломмен – ауылға» бағдарламасымен ауданға келген 40 жас маман көтерме ақы, 44 маман бюджеттік несие алды. Бұл, мемлекет тарапынан жастарға  көрсетілген қамқорлық пен үлкен қолдау. 60 шақты теректілік жас бизнес курстарынан дәріс алыпты.

Аудан көлемінде мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ден қойылған. Мәдени-бұқаралық, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық шаралар жиі ұйымдастырылады. Әсіресе, жастар арасында діни сауаттылық таратуға зор мән берілген. Осы орайда, ауданымызға теолог маманның тартылуы бәрімізді қуантып отыр. Жастар теріс ағымда кетіп, экстремистік  қозғалыстар қатарында қолына қару ұстағаны жайлы жиі естіп жүрміз. Осындай кезеңде жастарға оң-солын көрсететін діни сауатты маманның пайдасы зор.

www.zhaikpress.kz

Камелия ӨТЕУ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале