8.06.2015, 19:41
Оқылды: 31

Жастары белсенді елдің ертеңі жарқын

11406865_831509703603709_820544539613480713_nМедицина қызметкерлері күні қарсаңында қаламыздағы «Жастар» Мәдениет үйінде «Бір шаңырақтың астындағы жастармыз» атты жас дәрігерлердің форумы өтті.

11428543_831509623603717_2145872705568836743_nФорумға облыс әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен қатысып, сөз сөйледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Хамидолла Ирменов және облыста күрделі оталар жасап жүрген білікті хирургтар жастарға тілек айтты.

Соңғы 5 жылда облысқа 360 жас дәрігер келген. Олардың 74-і басқа қалалардан, 94-і «Дипломмен ауылға» бағдармасы бойынша аудандарға жолданған.

Жиында жастардың барлығында бір мақсат пен дұрыс шешім жолдары болған жағдайда ғана жалпы мақсаттың жүзеге асырылатыны атап өтілді. Жастар өз тарапынан қызметіне үлкен жауапкершілікпен қарап, кез-келген табысқа қол жеткізетіндіктерін айтты.

Форум соңында медициналық және фармацевтикалық сала қызметкерлерінің әдеп талаптары (этикалық  нормалары) қабылданды.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал  ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале