18.04.2016, 16:52
Оқылды: 22

Жастарға қолдау мықты

Shingirlau audan bashisi jastarmen     Шыңғырлау ауданында жастарға деген қолдау-көмек оң жолға қойылған. Арнайы оқу орындарын бітіріп, жұмысқа орналасуға келген жас мамандар жыл сайын мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған жеңілдіктерді пайдалануда.


    Үстіміздегі жылы 43 жас жұмысқа орналасқан. Ал 2015 жылы 1436 жұмыссыз жастар тіркелген болса, соның 75 тұрақты, 36 қоғамдық жұмысқа тартылған. Жастар тәжірибесі бойынша 13 жас 6 айға жұмысқа жолданған болса, соның 10 тұрақты жұмысқа алынды.  Денсаулық, білім саласына арнайы жолдамамен келген білікті мамандар тұрғын үйлермен қамтылуда.

      Алдағы уақытта да игі дәстүр жалғасын таба бермек.

www.zhaikpress.kz

Адақ Шотпанов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале