7.08.2015, 19:02
Оқылды: 18

Жастар арасында ұлт жоспары талқыланды

Janibek jastar arasinda ylt jospari    Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы мен «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» реформасын талқылау мақсатында жастар арасында дөңгелек үстел оздырылды. Жиынға «Нұр Отан» партиясы Жәнібек аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Асхат Молдағалиев, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амангелді Уәлиев қатысып, пікірлерін ортаға салды.  

Сондай-ақ, аудан әкімі аппаратының бас маманы Таңшолпан Сапиоллаева реформада аталған мемлекеттік қызметкерлер жөнінде жастарға түсіндіріп өтсе, аудандық орталықтандырылған кітапхананың жас маманы Тұңғышбай Мақсотов Елбасы саясаты хақында пікірімен бөлісті. Амангелді Мырзағалиұлы өз сөзінде: «Ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жариялаған «100 нақты қадам» бағдарламасы – еліміздің даму жолы үшін айқындалған ерекше құжат. Бүгінгі жиынның мақсаты – жастарға, яғни, мына отырған сендерге бағдарламаны түсіндіру, насихаттау, көшбасшымыздың сарабдал саясатын бірге жүзеге асыру. Реформада аталған әрбір қадамның маңызы ерекше. Осы бағдарлама – дамыған отыз елдің қатарына қосылудың негізгі бағыты. Сондықтан да сендер жұмыла жұмыстанып, әр салада өз үлестеріңді қосуға, еліміздің дамуына септігіңізді тигізулеріңіз қажет»,-деді. Жиын барысында жастар белсенділік танытып, өз ойларымен бөлісе отырып, ұлт жоспарын жүзеге асыруға біркісідей атсалысатындықтарын айтты.

www.zhaikpress.kz

Арайлым КЕСЕКОВА

Жәнібек ауданы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале