20.07.2015, 19:35
Оқылды: 25

«Жастар бейбітшілік пен достықты қолдайды»

Аксай форумАқсай қаласында осындай тақырыппен Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық торқалы тойына арналған жастар форумы өтті. Оған көршілес Орынбор облысының жастары, Елек ауданы әкімшілігінің өкілдері, шекаралас Шыңғырлау, Теректі, Сырым, Қаратөбе аудандарының жастар бірлестіктерінің мүшелері қатысты.

Теміржол бекеті аумағындағы Жеңіс алаңында өткен митингтен бастау алған форумға қатысушыларға Ұлы Отан соғысының ардагері И.Е. Коновалов жастарға қан майданда бейбітшілік жолында қаза тапқан аға ұрпаққа деген құрметі үшін алғысын білдірді. Содан соң аудан әкімінің орынбасары Азамат Сафималиев екеуі және басқалары соғыс құрбандарына арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.

Митинг аяқталған соң, шара қонақтары аудандық өлкетану мұражайына саяхат жасады.

11057628_1457525104570934_4906028176223813702_nФорум жұмысы әрі қарай аудандық әкімдіктің үлкен залында өткен пленарлық мәжіліспен жалғасын тапты. Жастардың «Тарлан» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Е.Кемелханов ашып, жүргізіп отырған мәжіліс барысында аудан әкімінің орынбасары А.Сафималиев, Еуропалық қайта құру және даму банкінің Бөрлі аудандық филиалының жобалар бойынша маманы А.Өтебаева, меймандар атынан Орынбор облыстық жастардық қоғамдық ұйымының төрағасы, қазақ қауымдастығының жетекшісі Р.Чукеевтер сөз сөйледі.

Форум қатысушылары «Сарыарқа» спорт клубында болып, тыныс тіршілігімен танысса, №4 ЖББОМның спорт залында өткен «Көңілді старттар» сайысында өзара күш сынасты.

Форум жұмысы кешкілік арнайы жайылған дастархан басында қорытындыланды.

Жоғары деңгейде өткен жастар басқосуын аудан әкімдігі мен аудандық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен «Тарлан» ЖҚБ, «Ақсай жастары» ЖҚБ, жастар ісі жөніндегі ресурстық орталықтың ұйымдастырғандығын айтып өткен абзал.

www.zhaikpress.kz

Айгүл АХМЕТОВА

Бөрлі ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале