23.07.2015, 18:36
Оқылды: 17

Жастар болашағы – Мәңгілік ЕЛ!

Terekti oblistik jastar forumi     Теректі ауданы Сарыөмір ауылында БҚО VII жастар форумы болып өтті. Облысымыздың барлық аудандарынан  және Орал қаласынан келген 200-ден астам белсенді жас інжу-маржаны төгілген, ауданымыздың мақтанышы Шалқар көлінің кереметін көздерімен көрді.

Алдымен форумға қатысушы делегаттар Сарыөмір ауылындағы Ұлы Отан соғысында қаза болған батырларымыздың рухына арналған  ескерткішке гүл  шоқтарын қойды.   Одан соң Хамза Есенжанов атындағы орта мектепке ат басын бұрып, аталмыш оқу орнының жанынан жасақталған Хамза атамыздың мұражайын тамашалады.

Ауылдық мәдениет үйіне жиналған делегаттар тіркеуден өтіп, секция жұмыстарына қатысты. Сүйекті мәселелерге сүбелі ойлар жалғасып, секция жұмыстарына қатысқан қонақтар да өздерінің пікірлерімен бөлісті. Қонақтардың арасында «Нұр Отан» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Д.Кадралиев, «Орал өңірі» газетінің бөлім редакторы, белгілі блогер Н.Рахманов, БҚО Дін істері басқармасының бөлім басшысы С.Ғиззатов, БҚО білім басқармасының бас маманы Е.Тұяқов, БҚО ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Ж.Ихсанова, облыстық жастар мәслихатының хатшысы М.Әбілқас, «Нұр Отан» партиясы «Жас Отан» жастар қанаты облыстық филиалының төрағасы Н.Жолдасқалиев болды.

Түскі үзілістен соң форум жұмысы пленарлық отырыспен жалғасын тапты. Пленарлық отырысқа БҚО әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен, Теректі ауданының әкімі Жеңіс Серікқалиев, облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуев қатысты.

www.zhaikpress.kz

Әділет ОРЫНБАСАРҰЛЫ

Сарыөмір ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале