28.09.2015, 19:43
Оқылды: 34

«Жастар жарқын болашақ үшін!»

ZH    Сырым Датұлы алаңында облыс әкімдігі мен облыстық прокуратурасының қолдауымен «Жайық» деструктивті діни ағымдардан жапа шеккендерге көмек көрсету орталығы «Жастар жарқын болашақ үшін!» патриоттық акциясын ұйымдастырды.

Жастардың бойындағы  патриоттық сезімді нығайтып, салауатты өмір салтын касихаттау мақсатында өткен шараға жоғарғы оқу орындары мен орта арнаулы оқу орындарының студенттері  қатысып, ән салып, флэшмоб биледі.

-Жастар  -  еліміздің болашағы. Елімізде студенттердің білім алып, жетістікке жетуі үшін барлық жағдай жасалған.  Студент жастардың  салауатты өмір салтын насихаттап, жарқын өмірді қолдайтынын  ән салып, флэшмоб билеу арқылы  көрсеттік. Тәуелсіз еліміздің болашағы жарқын болып, «Мәңгілік елге» айналғанын қалаймыз,- дейді облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының бөлім басшысы Ранида Ашенова.

www.zhaikpress.kz

                                                                  Гүлсезім БИЯШЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале