24.06.2016, 12:02
Оқылды: 21

Жастар «жасыл елде»

zhastar zhasyl eldeБиыл Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университет студенттері мен басқа да оқу орындардың студенттері қатысып,  «Жасыл Ел» бағдарламасы бойынша жазғы еңбек семестрінде еліміздің көркеюіне аянбай күш салды.


Осының бір айғағы университеттен Орал қаласы аймағында еңбек ететін жасақтармен қатар, ауыл маңындағы елді-мекендерде жұмыс атқаратын жасақтар құрылған болатын.

Ауыл аумағында 1-кезеңде жұмыстанған жасақтардың  негізгі жұмыс объектілері: Володар ауылы мен Трекин ауылы арасы, Январцев  пен  Озерный ауылы арасы. Ауыл аумағында жұмыс істеген жасақтарға жұмыс берушілер Янверцев ауылындағы  «Орман шаруашылығы» мекемесі екендігін айта кеткен жөн.

Олардың негізгі жұмыстары – ауыл ағаштарының инвентиразациялау жұмысы және қурап қалған ағаштарды, талдарды кесіп, оларды машинаға тиеу. Акация мен ирга  дәндерін жинап,  орман шаруашылығына тындыру болды.

 

www.zhaikpress.kz
Ұлболсын ЕСЕРКЕПОВА,
«Машина жасау» факультетінің
ПСМ-31 топ студенті
Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале