28.05.2015, 17:11
Оқылды: 36

Жастар жат ағымға қарсы

Jat agimga jol jokҒ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның кіші залында оқушы және колледж студенттері арасында өткен «Жат ағымдарға жол жоқ» атты онкүндіктің қорытындысы шықты.

Байқау жастардың өмірге, қоғамға деген оң көзқарастарын айғақтады. Байқауға қатысқан облыстың 12 мыңнан  аса жасы өз шығармалары арқылы діни жат ағымдарға қарсылық білдірді. Шығарма аталымы бойынша 1-орынды Н.Елеукенов (Орал ақпараттық - технологиялық колледжі) пен А. Ұзақпаева (режиссер бөлімі) иеленді. 2-орынға А. Қалиева ( облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы), А. Жексембаева (АТиСО колледжі), 3-орынға Д. Досымғали (№40 мектеп), Ж. Қарағойшина (Бөкей орда колледжі)  шықты.

Сурет аталымы бойынша 1-орынды О. Қайсариев (Орал ақпараттық- техникалық колледжі), А. Павленко (облыстық отбасы үлгісіндегі балалар ауылы) жеңіп алды. 2- орын Г. Хамитова (Қаракөл ауылы мектебі) мен Е. Киматовқа (Жалпақтал аграрлық- салалық технологиялық колледжі), 3- орын Е. Шүкірғалиев ( Ақжайық ауданы, Бітік орта мектебі) пен Д. Ибрашеваға  (Құрманғазы атындағы саз колледжі) бұйырды.

Авторлық өлеңдерін сынға салған жастардың арасынан А. Қуанышқалиев (көру қабілеті нашарлаған балаларға арналған мектеп- интернат) пен Ж.Асқарова (Жалпақтал салалық- технологиялық колледжі) үздік шығып, 1- орынды иеленді. 2- орынға А.  Дүйсенғұлов (көру қабілеті нашарлаған балаларға арналған мектеп- интернат) пен С.Бекмағанбетова (АТиСО колледжі), 3-орынға А.  Сыдихов (Айдархан орта мектебі) пен С. Ғабдуали (Орал политехникалық колледжі) табан тіреді.

Жеңімпаздарға планшет,USB-модем, ноутбук  сөмкесі  мен алғысхаттар табыс етілді.

www.zhaikpress.kz

Ұлдай САРИЕВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале