16.06.2015, 12:22
Оқылды: 23

Жастар жолға шықты

Taskala jastar jolga shikti  Тасқала ауданының  орталығындағы Ы.Алтынсарин атындағы орта мектептің жанынан құрылған «Олимп»  экологиялық лагері өз жұмысын бастады.

Мектеп мұғалімдері, аудандық мәслихаттың депутаты В.Фролов пен «Жас Отан» жастар қанатының белсенді мүшесі С.Ахметов бастаған 7-9 сыныптардың  9 оқушысы Тасқала-Достық бағытында барлығы 78 шақырым қашықтықты құрайтын бес күндік жаяу жорыққа аттанды. Сапар барысында оқушылар қазақ хандығының 550 жылдығына орай тарихи өлкетану, ауылшаруашылығы, сондай-ақ елді мекендердің атаулары мен  аймақтардың дамуы бағытында жұмыстанатын болады.

www.zhaikpress.kz

Н.Серікқызы

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале