19.11.2015, 17:52
Оқылды: 18

Жастар жұмыссыз қалмайды

Zelenov jastar praktikasi   «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының ІІІ бағыты бойынша жастар тәжірибесінен өтіп жатырған жас мамандардың саны жыл санап өсіп келеді. Біздің ауданда да бұл бағдарламаның игілігін көріп, қазіргі таңда тұрақты жұмысқа орналасқан жастар жетерлік. Еліміз беріп отырған мүмкіндікті пайдаланып, оқуын бітірген соң сандалып, қаладан жұмыс іздемей, туған елінен тәжірибе жинақтап, болашағын ойлаған жастарды сөзге тарттық.


 

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасының «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналастыруға жәрдемдесуге» бағытталған ІІІ бағытының І құраушысына үстіміздегі жылы 23 адамды жастар тәжірибесінен өткізу мақсатына бюджеттен 4 миллион 923 мың тең бөлінген, оған тәжірибесін өткен жылдың соңында бастап, биыл жалғастырған 34 адам мен оларға бөлінген 6 миллион 300 мың теге қаражатты қоссақ, бағдарламаның аталмыш бағытына барлығы 11.223 миллион теңге бөлініп отыр. Соңғы екі жылда жастар тәжірибесінен барлығы 157 адам өткен болса, оның 45-і жұмысқа орналасыпты.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале