20.07.2015, 19:48
Оқылды: 29

Жастар және «Жасыл ел»

Shingirlau orman januar dyniesi     Елбасы бастамасымен 2005 жылы құрылған «Жасыл ел» республикалық бағдарламасы биыл тоғызыншы жыл өз жұмысын жалғастыруда. Бағдарлама біздің ауданда да жүйелі түрде іске асып келеді.

«Жасыл ел» жастар жасағының сарбазы болу – қазіргі таңда үлкен бедел, олай дейтініміз студенттер бос уақыттарында еліне қызмет етіп, туған жерін гүлдендіруге, көгалдандыруға ат салысса, екіншіден, жазғы демалыстарын тиімді өткізеді.

Мемлекеттік мекемедегі  18-29 жас аралығындағы студенттер мен жұмыссыз жастар үшін республикалық «Жасыл ел» штабынан 50 квота бөлінген. «Жасылелдіктер» жаз мезгілінде екі  ауысымда еңбек етеді. Қазіргі таңда бірінші  кезеңде жұмыс жасайтын 25 жас өз жұмыстарын аяқтады.

Аталмыш бағдарламаға негізінен студент жастар қатысады. Олар  орманды қураған бұтадан, қалдықтардан тазартады,  егілген жасыл желектерді баптап, күтіп, суарып және тұқымбақтағы ағаш екпелерінің арамшөптерін жұлады.

Үстіміздегі жылдың 15 маусымынан 14 шілдеге дейін жастардың қатысуымен келесі жұмыстар жасалды :

-тұқымбақтағы екпелерді шөптеу-2.3га;

-ағаш екпелерін суару -1850 дана;

-орман қоры жерлерін қоқыстан  тазарту- 1 т;

- ағаш тұқымдарын жинау - 4 кг.

Еңбек еткен азаматқа қашан да қолдау бар. Сонымен қатар аудандық спорт клубы және балалар-жасөспірімдер спорт мектебімен, аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығымен бірлесе отырып сарбаздар арасында спорттық шаралар ұйымдастырылу жоспарда тұр. Барлық жеңімпаздар арнайы дипломдар және сыйлықтармен марапатталады.

www.zhaikpress.kz

Н.Сатанғалиева

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале