27.09.2016, 11:28
Оқылды: 34

Жастар саясатының жүзеге асырылуы сөз болды

%d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80Аудан әкімінің мәжіліс залында аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешовтың төрағалығымен жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы оздырылды. Күн тәртібінде аудандық «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің жұмысы, Борсы, Қамысты, Тау ауылдық округтеріндегі жастар саясатының жүзеге асырылуы туралы сөз қозғады. Кеңесте «Ақбастау» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Руслан Нұралиев, Борсы ауылдық округі әкімінің жетекші маманы Назар Шарипов, Қамысты ауылдық округінің әкімі Асқар Сәрсенғалиев (жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Кенханов Оралбектің еңбек демалысында болуына байланысты), Тау ауылдық округінің жастар ісі жөніндегі нұсқаушысы Сағыныш Сатыбалдиев, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығының басшысы Сағынбек Стамов жастар саясатының жүзеге асырылуы жайында баяндама оқыды. Сонымен қатар жастар арасындағы өзекті мәселелер ортаға салынып, қызу талқыланды.

Арайлым Рашитқызы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале