17.09.2015, 20:06
Оқылды: 41

Жастар ісі жөніндегі кеңес

Sirim jastar isi jonindegi kenes   Аудан әкімі жанындағы жастар ісі жөніндегі кеңестің отырысы өтті. Кеңеске аудан әкімі А.Шыныбеков төрағалық етті. Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудандық білім беру бөлімінің басшысы М.Бижанов жастар арасындағы  құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік қағидасын қалыптастыру, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысының міндетін атқарушы Д.Тайшиев атқарылған шаралар легін баяндаса, Сырым колледжінің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Ш.Хайруллина мен «Сырым жастар» ЖҚБ төрағасы А.Байболат эколоиялық тәрбиені қалыптастыруға қатысты шаралар туралы айтты.

Нашақорлық пен ішімдіктен жастарды қорғау мақсатындағы  жұмыстармен аудандық ішкі істер бөлімінің бастығының орынбасары М.Әубәкіров, жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысының міндетін атқарушы Д.Тайшиев, дәрігер-невропатолог Н.Успановалар баяндама жасады.

Кеңес жұмысын А.Шыныбеков қорытындылап, округтерде жастар кеңесін құру, тарихи-өлкетану шараларына жастарды тарту, ғылыми-тәжірибелік жұмыстарға қызығушылығын ояту, жастарды әскерге шақыру сынды шараларды жүйелі ұйымдастыруға тапсырма берді.

www.zhaikpress.kz

Шынар МОЛДАНИЯЗОВА

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале