11.08.2015, 21:50
Оқылды: 26

«Жастар ғаламтор телеарнасы» жобасы іске асырылмақ  

 

ZHБүгін «Қазақстан-Орал» телеарнасында облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуев брифинг өткізді.

Қазіргі уақытта біздің мемлекетімізде жастардың белсенділігін арттыруға  және олардың барлық мүмкіндіктерінің іске асуына жағдай жасалуда. Ағымдағы жылдың ақпан айында Елбасы Қазақстан Республикасының  «Жастар саясаты» туралы Заңға қол қойды. Аталған заң жастар арасындағы өзекті мәселелерді шешетін әлеуметтік қолдаудың тиімді механизмі болып табылады.

Біздің облыста жастарды қоғамдық өмірге тартуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар жүзеге асырылуда. Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының басшысы Азамат Айтуевтің айтуынша, біздің облыста 14-29 жас аралығындағы жастардың саны 149595 адамдды құрады. Ағымдағы оқу жылында үш жоғары оқу орнын 8444 түлек тәмамадаса, олардың 82 пайызы жұмыспен қамтылмақ. Облыс бойынша 88 жастар ұйымы тіркелген. Облысымыздағы үлкенді-кішілі барлық оқу орындарында жастар ісі комитеттері қызмет жасайды.

2015 жылы 57 мемлекеттік әлеуметтік маңызы бар жобаларды жүзеге асыру жоспарланған, соның ішінде 28 жоба облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасымен, 29-ы аудан және Орал қаласы әкімдіктерімен іске асады. Сонымен қатар алдағы уақытта облыстағы жұмыс берушілердің тарапынан ұсынылатын бос жұмыс орындарын қамтитын «Жастар еңбек биржасы» сияқты жергілікті арнайы интернет ресурсын құруды  және қыркүйек айынан бастап біздің басқармамен жастарды ақпараттық қамтамасыз ететін  «Жастар ғаламтор телеарнасы» жобасы жүзеге асыру негізгі жоспарларымыздың бірі – дейді Азамат Айтуев.

www.zhaikpress.kz

Гүлжамал ЖОЛДЫҒАЛИ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале