26.08.2015, 18:36
Оқылды: 30

Жастар қамқорлық қолын созды

 

IMG_1310БҚО жастар ресурстық орталығы ұжымы әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасыларға қол ұшын беру мақсатында «Мектепке жол» акциясын өткізді.

IMG_1343Орталықтың маманы Ринат Махсутовтың айтуынша, жастар ұжымы қаланың шет жақтарындағы Желаев және Круглоозерное кенттік округтеріндегі әлеуметтік жағынан тұрмысы төмен 10 балаға қамқорлық танытқан. «Көңіл – шашылған нұр» деген нақыл сөз бар қазақта. Жастар ұжымы бүлдіршіндерге деген көңілін мектеп сөмкесі мен оқу құралдары арқылы білдірді. Сонымен қатар жастар ресурстық орталығы жұмыс барысындағы серіктестері - «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚО филиалы, «Орал АИС Алматы ИнжСтрой» АҚ филиалы, «БатҚазЭТК» АҚ, «Гидроприбор» ҒЗИ» АҚ арқылы балаларға спорттық киім мен аяқ-киімдерін де сыйға тартыпты.

www.zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале