18.03.2016, 11:17
Оқылды: 38

«Жастар үнінің» жаңа төрағасы тағайындалды

 Janakala jastar ortaligi  Жаңақала аудандық Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығында өткен жастар арасындағы жиында Жаңақала аудандық «Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің жаңа төрағасы тағайындалды.


Осы уақытқа дейін бірлестікке бас болып, аудан жастарының белсенділігін арттыруға ықпал еткен Жақсылық ХайреловЖаңақала аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурс орталығының басшысы болып тағайындалуына байланысты атқарып келген қоғамдық қызметінен босатылды. Аудан жастарының патриоттық сезімін ояту және салауатты өмір салтын сақтау, сонымен қатар, олардың белсенділігін арттыру мақсатында  құрылған бұл бірлестік осы күнге дейін ауданда өткен спорттық жарыстарды, іс-шараларды өткізуге белсене араласып келеді.

«Жастар үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағалығына Таганиязов Нұржан Миржанұлы тағайындалды. Нұржан Таганиязов 2015 жылдың ақпан айынан Жаңақала аудандық ауруханасында қызмет атқарады. Еңбекте белсенді, беделді жастардың бірі. 2012-2014 жылдар аралығында Бөрлі аудандық «Ақсай жастары» жастар қоғамдық бірлестігі төрағасы болған.

- Біздің бірлестік жастарының болашақтағы жұмыстары Елбасы ұсынған «100 нақты қадамды» жүзеге асыруға бар күш-жігерін салатын болады. Алдағы уақытта жастар арасында өтетін іс-шаралардың жоспарын нақтылаудамыз. Бізге артқан сенімдеріңізді ақтаймыз! Бүгінгі белсенді жастар – ауданымыздың тірегі, -дейдіжаңа төраға.

www.zhaikpress.kz

Н.ЕСЕТОВА

Жаңақала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале