27.09.2016, 11:27
Оқылды: 15

Жастар ұлттық ойын түрлерінен сынға түсті

 %d0%b6%d0%b0%d1%81%d1%82%d0%b0%d1%80-%d2%b1%d0%bb%d1%82%d1%82%d1%8b%d2%9b-%d0%be%d0%b9%d1%8b%d0%bd-%d1%82%d2%af%d1%80%d0%bb%d0%b5%d1%80%d1%96%d0%bd%d0%b5%d0%bd-%d1%81%d1%8b%d0%bd%d2%93%d0%b0-%d1%82  23 қыркүйек күні  аудандық жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы, «Мұхит жастары» ЖҚБ-нің ұйымдастыруымен Қаратөбе колледжінде «Жалынды жасы елімнің» атты спорттық шара өтті.


  Шара ұлттық ойын түрлерін кеңінен дамыту, салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында оздырылды.

    Спорттық шара қол күресі, асық ату, арқан тартыс  сайыстары түрлерінен Мұхит атындағы ОЖББМ, Шөптікөл ОЖББМ-нің оқушылары және Қаратөбе колледжі жастары арасында тартысты өрбіді.

      Ойын қорытындысында командалық есепте Қаратөбе колледжінің студенттері жұлделі I  орынды иемденді.

   Жақсы ойын өрнегін көрсеткендері үшін түрлі аталымдар бойынша бірнеше спортшы дипломдармен және сыйлықпен марапатталды.

Райымбек АБАЕВ

Қаратөбе ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале