6.10.2015, 10:04
Оқылды: 24

Жастар өнер кешінде

Shingirlau jastar oner keshinde   Шыңғырлау ЖҚБ ұйымдастыруымен "Қазақшаң қалай?"  атты аймақтарда қазақша "Жайдарман" сайысын дамыту мақсатында Ащысай ауылдық мәдениет үйінде сайыс өтті.

Оған "Ұнамаса қарама", «Фа-соль-де» (Л.Қылышев атындағы ОМ), "Қарағаш қырандары" (Ақсуат ауылы),  "Ащысай жастары kz" , "Бірлік" (Ащысай) өнершіл командалары қатысты.

Бас жұлдені ұтқыр әзілімен, көңілді көріністерімен «Ұнамаса қарама» КТК жеңіп алса (Л.Қылышев атындағы ОМ), І орынды осы мектептің "Фа-соль-дері", ІІ орынды ащысайлық "Ащысай жастары kz",  ІІІ орынды"Қарағаш қырандары" және "Бірлік" командалары бөлісті.

www.zhaikpress.kz 

Айбек Абаков

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале