20.06.2016, 10:49
Оқылды: 18

«Жасыл ел» жұмысын бастады  

 

«Жасыл ел» жұмысын бастадыЗеленовта  аудандық «Жастармен жұмыс жөніндегі орталығының» бастамасымен «Жасыл ел» жасағы жұмысына кірісіп кетті.


-Қазіргі уақытта 18-29 жас аралығындағы 18 адам Дариян және Январцев ауылдық окрутеріндегі орман алқабтарында абаттандыру жұмыстарын жүргізуде. Шілде айында 22 аудан тұрғыны ауысымға шығатын болады. Жасақтың басты мақсаты тал-теректер мен көгалды баптап, арамшөптерді жұлып, гүлдер мен ағаштарды күту. Оның үстіне жастарды еңбекке жұмылдыру. Мемлекет тарапынан жалақылары да уақтылы төленетін болады ,- дейді жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталықтың басшысы Нұржан Ешмұратов.

Ұлт болашағы - жастар демекші, жазғы демалыс уақытына қарамастан білек сыбана игі іске кіріскен жастарға жемісті еңбек тілейміз.

www.zhaikpress.kz

Д.ДЕРБІСАЛЫ

Зеленов ауданы

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале