5.02.2015, 21:20
Оқылды: 21

Жасырылған ҚЫЛМЫС АНЫҚТАЛДЫ


 Биылғы 21 қаңтарда Шыңғырлау ауданы прокуратурасына Полтава ауылында тұратын К. Чигирев жүгінді.


 БҚО прокуратурасының баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, ол өткен жылдың наурыз, мамыр және желтоқсан айында үйінің есігі бұзылып, тауар-материалдық құндылықтардың ұрланғаны жөнінде учаскелік полиция инспекторына бірнеше рет хабарлағанымен, еш нәтиже шықпаған, өтініші тіркелмеген. Тек прокуратураның араласуынан кейін ғана материалдар тіркеліп, сотқа дейінгі өндіріс аудандық ішкі істер бөліміне тапсырылды. Қылмысты есептен жасыру фактісі бойынша ішкі істер бөлімі қызметкеріне қатысты материал сотқа дейінгі тергеу жүргізу үшін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі БҚО бойынша департаментіне жолданды.

Айта кетейін, өткен жылы облыста жасырылған 94 қылмыс анықталса, соның 14-і ауыр қылмыс болып есептеледі.


Арман БОЛАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале