5.03.2016, 13:40
Оқылды: 26

Жасөспірімдер арасындағы қылмысты болдырмау үшін

????????????????????????????????????

  Жәнібек ауданы әкімдігінде аудан әкімінің орынбасары Біржан Меңешевтің төрағалық етуімен  кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық комиссияның кезекті отырысы оздырылды. Жиында Ұзынкөл жалпы білім беретін орта мектебінің директоры Лунаргүл Дишенова слайд арқылы кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық пен қылмыстың алдын алуда мектепте атқарылған жұмыстар туралы баяндаса, аудандық білім беру бөлімінің бас маманы Гүлфия Сатаева мен аудандық ішкі істер бөлімінің кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторы Елдос Қарабалиев түнгі мезгілде жасөспірімдердің жүруін анықтау мақсатындағы істелген жұмыстар жайында хабарлама жасады.


Басқосуды қорытындылаған Біржан Нұрланұлы аудан бойынша жүргізілген жүйелі жұмыстардың нәтижесінде қылмысқа тартылған жасөспірімдердің жоқ екендігін, бұл тұрғыда тағы да басқа өзекті мәселелерді айта келіп,  қаралған мәселелерге қатысты сауалдар мен ұсыныстардың  қаперге алынып, комиссияның алдағы уақыттағы отырыстарында қаралып, талқыланатынын мәлім етті.

www.zhaikpress.kz

                                                                                   Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале