22.05.2015, 17:51
Оқылды: 19

Жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен VI халықаралық турнир басталды

Nyrtas 22 mamir  Ұлы Жеңістің 70 жылдығы және Кеңес Одағының батыры, Ресей батыры Николай Майдановты еске алуға арналған 1999 жылы дүниеге келген және одан кіші жасөспірімдер арасында грек-рим күресінен VI халықаралық турнир басталды.

Шараның ашылу салтанатына құрметті қонақ ретінде қатысқан Ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің облыстық қоғамының төрағасы Тахир Қосжанов және Ресей федерациясының вице консулы Юрий Понамарев сайысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

Аталмыш додаға Ресейдің Орынбор, Саратов және өз елімізден Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облысының, сондай-ақ, Орал қаласының спорттық командалары қатысуда.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале