17.06.2016, 12:30
Оқылды: 20

Жасөспірімдер бозкілемде

 balgyndar bozkilemde     Ақоба ауылында Тәуелсіздігіміздің 25 жылдығына және Қажымұқан Мұңайтпасұлының туғанына 145 жылдығына арналған 2004-2006 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы қазақ күресінен аудандық ашық турнир ұйымдастырылды. Жарысқа Орал қаласы, Ақоба, Күйгенкөл және Ұзынкөл ауылдарынан командалар келіп қатысты.


   Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімі Наурызбай Қадырбайұлы сөз сөйлеп, жас спортшыларға жеңіс тіледі.

      Бозкілемде жас палуандар 8 салмақ дәрежесінде белдесті. Шараға Нұрман Сатаев, Асқар Бисенов, Аслан Ғұсманов сынды Ақоба ауылының азаматтары демеушілік танытты.

                                                                                       www.zhaikpress.kz

Ахмедияр ҚУАНҰЛЫ
Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале