12.05.2016, 18:42
Оқылды: 20

Жасөспірімдер боз кілемнің «шаңын қағуда»

Screenshot_2016-05-13-06-08-39-1Бүгін облыстық жоғарғы спорт шеберлігі мектебінде Ұлы Жеңіс күніне және Кеңес Одағының мен РФ Батыры Қайыргелді (Николай) Майдановты еске алуға арналған грек-рим күресінен жасөпірімдер арасында ХІІ халықаралық турнир басталды.


Облыс әкімдігі, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы және ауған соғысының мүгедектері мен ардагерлерінің облыстық қоғамының ұйытқы болуымен өтіп жатқан сайысқа 2000-2002 жылдары туған жасөспірімдер қатысуда. Ақтөбелік, маңғыстаулық және облысымыздың аудандары мен Орал қаласының, барлығы сегіз команда сапында жүз елуге жуық жас палуан боз кілемнің «шаңын қағуда».
Жарыстың ашылу салтанатында сөз алған облыстық ішкі саясат басқармасының бөлім басшысы Жамал Ихсанова ел қорғаны болған батырларды еске алуға арналған мұндай турнирлерге қатысу арқылы жас ұрпақтың бойында жауынгерлік мінез-құлық, жүржүректілік қалыптасатынын айтса, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы Ақжан Ишанов осындай сайыстар жас палуандардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

Турнирге Ресейден арнайы келген Қ.Майдановтың інісі Сергей Майданов ағасын ұмытпай, оның еске алуға арналған түрлі шараларды дәстүрлі түрде ұйымдастырып келе жатқан батысқазақстандықтарға өз ризашылығын білдірді.
Турнир ертең өз мәресіне жетеді.

www.zhaikpress.kz

Сәкен МҰРАТҰЛЫ

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале