18.12.2015, 21:18
Оқылды: 25

Жас айтыскер – Қаратөбе төрінде

 Karatobe aitis  Қаратөбе аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің оқу залында облыстық ақындар айтысының жеңімпазы, жас айтыскер ақын Орынбек Меңдіқұлмен «Жастықтың оты жалындап...» атты кездесу кеші оздырылды.

Алдымен сөз алған аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры Гүлбану Бердіғалиева өнер иесіне қош келдің айтып, ұжым атынан сый-сияапат ұсынды.


Одан соң жас айтыскер Орынбек Меңдіқұл өнерге келу жолы, айтыс өнері хақында ой қозғап, анасы мен әкесіне арнаған төл туындысын оқып берді.

Кештің басты айшығы - Орынбек пен балғын ақын Райымбек Өтеповтің сөз қағыстыруы болды. Қос айтыскердің айтысы әдемі қалжыңға құрылып, соңында Орынбек інісі Райымбекке бата берді.

Шырайлы кездесу барысында термеші Нұршат Исламғалиев халық әні «Шымырды», жас өнерпаз Қайрат Байғұтты Дәулеткерейдің күйі «Көроғлы» мен Құрманғазының «Адайын» шебер орындаса, жас ақын Райымбек Өтепов ақын А.Қадырбаеваның «Барып қайт, балам, ауылға...» өлеңін нақышына келтіре оқыды.

www.zhaikpress.kz

Ертай БИМҰХАНОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале