30.09.2016, 20:05
Оқылды: 34

Жас ақындар жырлайды

????????????????????????????????????

  30 қыркүйек күні Тасқала аудандық мәдени-демалыс орталығында  ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен «Тәуелсіздік деп соғады жүрегіміз» атты облыстық жас ақындар мүшәйрасы өтті.


         Аталмыш шараға алты аудан мен Орал қаласынан барлығы 15 ақын қатысты. Шара барысында аудан әкімінің орынбасары Л.Жұбанышқалиева құттықтау сөз сөйлеп, барлық жас ақындарға сәттілік тіледі.

         Мұнан соң ақындар үш кезең бойынша сынға түсіп, өз өнерлерін ортаға салды.

       Нәтижесінде бас жүлдені Теректі ауданынан келген Әділет Орынбасаров иеленсе, бірінші орынды Орал қаласынан келген Мәрлен Ғилымханов иеленді. Ал, екінші орын Жаңақала ауданының атынан қатысқан Данияр Нысанғалиевке бұйырса, үздік үштікке Ақжайық ауданынан келген Асылайым Абат табан тіреді.

   Жүлдегерлер дипломмен және бағалы сыйлықтармен марапатталса, қалған қатысушыларға алғыс хат пен естелік сыйлықтар табысталды.

Е.Елекенов

Тасқала ауданы

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале