10.06.2015, 15:23
Оқылды: 26

Жас балуандар жарап тұр

IMG-20150608-WA0003[2]Сырым аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің жаттықтырушысы Әскер Нұрмұхановтың шәкірттері соңғы уақытта жақсы көрініп жүр.

Жуырда РФ, Орынбор облысының Соль-Илецк қаласында өткен Балаларды қорғау күніне арналған самбодан дәстүрлі бүкілресейлік турнирде Нұрсұлтан Зайзағалиев пен Талғат Кеңесов өз салмақ дәрежелері бойынша жеңімпаз атанды. Осы жарыста Әскердің тағы бір шәкірті Данияр Мырзағалиев 2 орын алды.

Ресейдегі додадан бұрын аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің тәрбиеленушісі Нұрсұлтан Зайзағалиев дзюдодан Астана қаласында өткен республикалық турнирде облыстардың мықты деген жас балуандарының арасынан іріктеліп, 3 орынға ілікті.

Нұрсұлтан Зайзағалиев пен Айбек Қазыбек Орал қаласында өткен дзюдо біріншілігінде де чемпион атанды.

www.zhaikpress.kz

Бауыржан Ширмединұлы

Сырым ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале