9.11.2015, 18:21
Оқылды: 23

«Жас Барыс» Оралда

Jas baris  Орал қаласындағы облыстық жоғары спорттық шеберлік мектебінде қазақ күресінен балалар, жасөспірімдер және жастар арасында «Жас Барыс» республикалық турнирі өтті.

Жарыстың ашылу салтанатында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұқаралық және олимпиадалық емес спорт түрлерін дамыту басқармасының басшысы Бекболат Байжанов, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.

         Үш күнге созылған жарыс болашақ «Қазақстан барысы», «Еуразия барысы» және «Әлем барысында» ел намысын қорғайтын білекті балуандардың ысылып шығуына бірден-бір септігін тигізер додаға айналды. Жас мөлшеріне қарай үш топ бойынша өткен республикалық турнирге 16 команда, 400-ге тарта балуан қатысып, әр салмақ бойынша мықтыны анықтады.

Жарыс қорытындысында 1996-1997 жылғы жастар арасында 55 келі салмақта Бекжан Төлепов (Қызылорда), 60 келіде Райымбек Рәнтаев (Қызылорда), 66 келіде Қасымхан Түленбай (Алматы), 77 келі салмақта Әбдіқасым Сахан (Алматы), 82 келіде Ернар Байжігіт (ОҚО), 90 келі салмақта Қайсар Шамшиддинов (ОҚО), 100 келіде Нұржан Ерехан (ОҚО), 100 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Жамбыл Тұрғыналиев (Жамбыл) жеңімпаз атанды.

1998-1999 жылы туылған жасөспірімдер арасындағы белдесулерде 64 келі салмақта  Ришат Махмут (Жамбыл), 72 келіде Ерзат Арғынов (ШҚО), 81 келі салмақ дәрежесінде Дархан Жамалхан (ОҚО), 81 келіден жоғары салмақта Бейбарыс Әбдіғани (ОҚО) жүлделі бірінші орынды иеленді.

Ал 2000-2001 жылы туылған жасөспірімдер арасында 60 келі салмақта Кемелбек Молдаш (ОҚО), 66 келіде Заңғар Марат (Қарағанды), 73 келіде Сұлтан Зарықпай (Жамбыл), 73 келіден жоғары салмақта Бекарыс Садуақов (Алматы) жеңіс тұғырына көтерілді.

Әр түрлі салмақ дәрежесінде белдесіп, өңір намысын қорғаған алты палуанымыз қола жүлдеге ие болды. Олардың қатарында Бейбіт Мәдиев, Бақтияр Ибрагимов, Ақылбек Зайдолла, Нұрымжан Ғаббасов, Аймұрат Уалиахметов, Ерік Есенаман бар.

www.zhaikpress.kz

Нұрбек  ОРАЗАЕВ

«Орал  өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале