17.06.2015, 20:14
Оқылды: 25

Жас дәрігер жүлдегер атанды

Medikter   Медицина қызметкерлерінің кәсіби мерекесі қарсаңында бұл күндері Астанада сала мамандарының республикалық конкурсы өтуде.

Республикалық «Үздік ауыл дәрігері» конкурсына қатысып, облыстық сыннан өткен Зеленов аудандық орталық ауруханасының жалпы тәжірибе дәрігері Қарлығаш Асқарова «Кәсібі бойынша үздік» аталымын иеленген.

Астанадан қоңырау шалған жаңашыл дәрігер бұл жетістіктің аурухана ұжымының табысы екендігін айтады. Жас та болса жауапкершілігі зор саланың жұмысын жоғары жауапкершілікпен атқарып жүрген Қарлығашқа тұрғындар дән риза.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале