15.04.2016, 11:16
Оқылды: 27

Жас палуандардың жеңісі

Janibek jas paluandar jenisi     Жерлестеріміз Данияр Қайыров пен Қайсар Жүсіп жуырда Сырым ауданында өткен жасөспірімдер арасындағы БҚО чемпионатынан жүлделі орындар алды. Қайсар 72 келі салмақта қарсыластарының бәрінен басым түсіп, жеңімпаз атанса, Данияр 50 келі салмақ дәрежесінде 3-орын тұғырынан көрінді. Енді қос палуан Талдықорған қаласында өтетін ҚР чемпионатында өнер көрсетеді.


    Аталған жарыстың ізін ала Теректі ауданында дзюдо және қазақ күресінен 8-ші жазғы спартакиада өтіп, жас палуандарымыз тағы да бірнеше жүлделі орындарды иеленіпті. Атап айтсақ, Әсем Телекова (70 келі) мен  Данияр Қайыров (51 келі) 1-орын, ал Төрехан Нәсиев (57 келі) 3-орынға табан тіреді.

 www.zhaikpress.kz

Д.ЗЕННАТ

Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале