11.11.2015, 14:13
Оқылды: 17

Жас палуандар жарысы

Zelenov Sambo  Зеленов ауданы орталығында самбо күресінен ашық турнир өтті. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі ұйымдастырған жас палуандар жарысына Переметный, Көшім, Дариян, Трекин ауылдарының жас самбошылары мен көршілес Тасқала ауданынан келген 120-дан астам палуан қатысты. Тартысқа толы болған жарыстың қорытындысында 2007-2009 жылы туылған самбошылар бәсекесінде Эльдар Қайырғалиев, Нұрболат Шүкірәлі, Арман Сапарғали, Дияс Берік, Ерназ Есқалиев, Нұрғали Жәмиев, Әлішер Қайырғали сынды палуандар өз салмақтарының үздігі деп танылса, 2004-2006 жылғы палуандар арасында Ихсан Мұстафин, Ербол Тынышбаев, Әлихан Берік, Ерасыл Сибатов, Әлихан Сариев, Болат Жанболат сияқты боз балалар қарсыластарынан озық болды. Ал 2001-2003 жылы туылған самбошылар ішінде Жантөре Мұхамбетқалиев, Бекзат Қайырғалиев, Дәурен Шүйінішқалиев, Елдос Есжанов пен Мағжан Мұхамбетжановтар қарсыластарын қоғадай жапырып, турнир жеңімпаздары атанды.

Барлық жүлдегерлер мен жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар мен мақтау қағаздары табысталды.

www.zhaikpress.kz

Түгелбай Бисен

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале