25.12.2015, 10:31
Оқылды: 30

Жас спортшыларымыздың жеңісі

 Karatobe sport  Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күні мерекесіне орай  Орал қаласында жасөспірімдер мен жастар және қыздар арасында желтоқсан айының 19-20-сы күндері   қол күресінен өткен БЖМС ашық біріншілігіне ауданымыздың спортшылары қатысып, сайыс қорытындысына сай жақсы нәтижеге қол жеткізді.


  Әр түрлі салмақ дәрежесі бойынша  оздырылған жарыста Қаратөбе балалар, жасөспірімдер спорт мектебінің бапкері Нұрқат Нысановтың шәкірттері :  55 келі салмақта тамаша ойын өрнегін көрсете білген Ертайұлы Руханият жүлделі  бірінші, Төлеу Ғасырбек екінші  орындарды жеңіп алды. Аталмыш біріншілікте тағы да екі бірдей спортшымыз   75 келі салмақ бойынша Сүйесін Құмаров,  75 келіден  жоғары салмақта Фархат Қалиев күш сынасып жүлделі екінші орындарды иеленді.

www.zhaikpress.kz 

Ерболат РАЙСОВ

Қаратөбе ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале