23.06.2015, 18:24
Оқылды: 15

Жас спортшыға құрмет көрсетті

Sirim jenimpazМаусым айының 18-22 аралығында Түркістан қаласында өткен 1999-2000 ж.т. жасөспірім ұлдар мен қыздар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Перизат Төлепқалидың бағы жанды. Жас қыздың байрақты бәсекеде самбо күресінен жоғары жетістікке жетіп, І орынды місе тұтуы – бапкері үйреткен айла-тәсілдерін шебер меңгеріп, спортқа деген табандылығының арқасы болса керек.

Республика көлеміне танымал болып, аудан атағын шығарған жас спортшыны (оның бапкері Ержан Чукуровты) аудан әкімінің орынбасары Асыланбек Сарқұлов арнайы қабылдап, жас спортшыға тұғырлы жеңіс тіледі.

Перизаттың жарыстан жеңіспен оралғандығы үлкен қуаныш, асқақ мәртебе  екендігін айтқан  ата-анасы  Арман мен Бақтыгүл алдағы уақытта да қыздарының жеңіс жалауын желбіретіп, ел абыройын асқақтататынына сенім артып,
құрмет көрсеткендері үшін аудан әкімшілігіне ризашылықтарын білдірді. Кездесу соңында аудандық  балалар мен жасөспірім спорт мектебінің директоры Ерболат Мұқанов Перизат Төлепқалиға гүл ұсынып, спорттық киіммен қуантты.

www.zhaikpress.kz

Мәншүк Мәлікқызы.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале