31.05.2015, 13:24
Оқылды: 18

Жас техниктер жетістігі

Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының жұмыс жоспарына сәйкес робототехника, кеме, авто үлгілері бойынша облыстық жарыс оздырылды. Оған бізден аудандық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері қатысып, «AlpfaRobo – 2015» облыстық ашық чемпионатының робот техникасынан кегель ригн жарысында Жеңіс Шәріп, Жалғас Нұралиев белсене қатысқандары үшін марапатқа ие болды. Радиоқозғалтқышты авто үлгілерін мәнерлеп жүргізуде Қасым Сәлімгереев ІІ, Мейрамбек Шайдоллин ІІІ орыннан көрінсе, Авто үлгілердің «Багги-10» жарысында Мейрамбек Шайдоллин І, Қасым Сәлімгереев ІІІ орынды еншіледі. «EH-600», «EX-600» кеме үлгілерінде Мейрамбек Шайдоллин ІІ, ҒSR-ECO-MINI STANDART кеме үлгілерінде Шерхан Вялых ІІІ орынға шықты. Әуе үлгілерінен облыстық жарыста «F3J»  радиобасқарушы планер үлгісі бойынша Арыстанғали Мүдірісов ІІІ орын алса, F3J радио радиобасқарушы планер бойынша Шерхан Вялых ІІ орынға қол жеткізді.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале