14.06.2015, 9:53
Оқылды: 25

Жас туристер Жайық жағалауында

ZH   Көз тартар  әсем табиғатымен  ерекшеленетін  ырысқа толы Қабылтөбе  жерінде, Жайық жағалауында  су туризмі техникасынан  облыстық  жарыстың  салтанатты  түрде   түндігі  түрілді.

Ұлы  Жеңістің  70 жылдығы,  Орал қаласындағы  балалар экскурсиялық - туристік станциясының  құрылғанына 55 жылдығына орай ұйымдастырылған шара оқушыларымызды патриоттық сезімге баулуды, салауатты  өмір  салтына  бейімдеуді, туристік - спорттық  дайындық  деңгейлерін жетілдіруді  көздеп отыр.

Үш күнде, яғни 10-12 маусым аралығында  өтетін жарысқа Орал қаласы мен  әр ауданнан келген  мектеп оқушылары қатысуда.

Салтанатты ашылу барысында сөз  алған  Теректі ауданы  әкімінің орынбасары Алтай Тоқжанов, облыстық  балалар мен жасөспірімдер  туризмі және экология орталығының директоры  Виктор Фомин  ұйымдастырылып отырған  шараның  маңыздылығына тоқталып жас  саяхатшыларға  сәттілік тіледі.

Одан  әрі   Жәнібек ауданынан келген  қос жас турист аталмыш жарыстың  символы  іспеттес туды   көтеріп, аспан  көгінде желбіретті.

www.zhaikpress.kz

Самал  ЖАМЕТ

Теректі ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале