3.07.2015, 13:05
Оқылды: 25

Жас түлектің жыр кеші

Akayik omirimnin ozegi olen     Ақжайық ауданының Тайпақ Мәдениет үйінде игі бастама деуге тұрарлық тағылымды бір шара өтті. Бұл  – алтын ұя мектебінен үлкен өмірге биыл ғана жолдама алған талапты түлек, аудандық «Муза» оқырмандар отауының мүшесі, V облыстық жас таланттар байқауының бас жүлдегері, Республикалық Махамбет оқуларының дипломанты, жазушы С.Ерубаевтың 100 жылдығына арналған «Жастар – біздің құрдастарымыз» атты Республикалық байқаудың ІІІ орын иегері, ҚР Ұлттық Академиялық кітапханасының 10 жылдығына арналған «Кітапхана – кемел дос» байқауының жүлдегері Әнуар Аманжоловтың «Өмірімнің өзегі – өлеңім» атты шығармашылық кеші.

Бірден айтарымыз, бүгінгі жазарман жастар – бақытты, әйтпесе, анау бодан жылдарда 17 жасар жас талап түгілі, әйгілі Мұқағалидың шығармашылық  кеші өтіпті дегенді естіп пе едік? Бәрі атыңнан айналайын Азаттықтың, Егемендіктің арқасы. Енді тек, ұрпақ Тәуелсіздіңтің нарқын бағамдап, қадірін біліп өссе деңіз.

www.zhaikpress.kz

Нұргүл САЙЛАУОВА

Ақжайық ауданы

Тайпақ ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале