14.01.2016, 12:42
Оқылды: 24

Жат ағымның құрбаны болмас үшін

2016-01-15 12.45.06Тасқала аудандық халыққа қызмет көрсету орталығында ақпараттық-насихат тобы «Діни экстремизм - бейбітшілік пен тұрақтылыққа төңген қауіп» тақырыбында арнайы жиын өткізді.


Жиынға аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Дүйсенова, аудандық мешіттің наиб имамы Қ.Нажмитдинов пен халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері қатысты.

Алғашқы боп сөз алған аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Айгүл Серікбайқызы қазіргі таңда күллі әлемге үлкен қасірет төндіріп отырған экстремизм мен терроризм жайында айтып өтіп, жат ағымның құрбаны болмас үшін, әрбір ата-ана дінге бет бұрған ұл-қызын ең алдымен жергілікті мешіт имамдарымен кездестіру қажеттігін атап өтті.
Сонымен қатар аудандық мешіттің наиб имамы Құлтөре Сақийұлы экстремизм мен терроризмнің дінге ешқандай қатысы жоқ екенін, олардың жасап жатқан іс-әрекеттері елге бүлік шығару мақсатын ұстанатынын жиынга қатысып отырғандарға түсіндіріп берді.

www.zhaikpress.kz

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Тасқала ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале