10.06.2015, 12:51
Оқылды: 26

Жат ағым орға жығады

DSC_0006Жалпақтал ауылдық округі әкімі аппаратында БҚО дін істері басқармасы дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары және теолог Нұрбол Әлібекұлы жастармен және орта буын өкілдерімен кездесті.

Кездесу жиынын Қазталов аудандық ішкі саясат бөлімі басшысының міндетін атқарушы Ғалия Ахметова жүргізіп, аталмыш орталықтың қызметі, бүгінгі күнде елімізде қауіп-қатер төндіріп жатқан теріс діни ағымдардың зияны жайлы айта келе, бұл індетке «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» күресу керектігін айтты.

Сонымен қатар дін мәселелерін зерттеу орталығының мамандары Сандуғаш Сақауова, Айымгүл Базарова жиылған жұртшылыққа сауалнама жүргізді.

Кездесуге жиылған жастармен, орта буын өкілдері теолог-дінтанушыға сауалдар қойып, тұшымды жауаптар алды.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек АҚМУРЗИН

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале