15.03.2016, 20:50
Оқылды: 40

Жат діни ағымдардан аулақ болуға үндеді

????????????????????????????????????

 Жәнібек ауданы Ақоба ауылында діни экстремизм мен терроризмге қарсы түсінік жұмысын жүргізу мақсатында құрылған аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелері ауыл тұрғындары және  мектеп оқушыларымен кездесу өткізді. Жиын барысында ақпараттық-насихат тобының мүшелері, аудандық білім беру бөлімінің басшысы Мұрат Ғазезов пен  аудандық «Шұғыла» газетінің тілшісі Нұрымбек Жапақов жат діни ағымдардан аулақ жүрудің жолдарын түсіндіріп, халқымыздың салт-дәстүрі теріс пиғылды әрекеттердің алдын алудың  кепілі екендігін айқын мысалдар келтіре отырып баяндады.


Бас қосуды Ақоба ауылдық округінің әкімі Рауан Рахметуллин қорытындылап, дәстүрлі дінді насихаттаған аудандық ақпараттық-насихат тобының мүшелеріне тұрғындар атынан ризашылығын жеткізді.

www.zhaikpress.kz

                                                                       Н.Өтей

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале