3.05.2016, 11:09
Оқылды: 16

Жауапкершілік арта түспек

 Shingirlau nurtazin    Мемлекеттік ҚР қызмет істері министрлігінің БҚО бойынша департаментінің басшысы, әдеп жөніндегі кеңес төрағасы Нұртазин Мирболат Сүйеуұлы қызметтік сапармен Шыңғырлау ауданында болды. Сапар барысында ол ауданымыздың Ұлы Отан соғысының ардагерлері- Сүйеу Ығылманов және Андрей Рудьтің үйлерінде болып, ерлік пен ұлылықтың үлгісі-Ұлы Жеңістің мерекесімен құттықтап, алғыс хаттар тапсырды. Тарихтың тірі куәлері отбасыларында лауазымды қонақты ықыласпен қарсы алып, құттықтау тілекке аса разы болды.


     «-Ұрпақ ұмытпайды, азаматтар әр уақытта назарда ұстап отыр, біз сол құрметке дән ризамыз. Жастығымызды жалынға бердік, ересек уақытымызды да ел үшін еңбекке арнадық, еш өкініш жоқ, Елбасымызға, елдің тыныштығына разымыз, ендігі ұрпақ ондай зауалды көрмесін»- десті қариялар.

     Бұдан соң М.Нұртазин ауданның мемлекеттік қызметкерлерімен, ауылдық округ әкімдері және мекеме басшыларымен кездесіп, мемлекеттік қызметтегі жаңа өзгерістер, сыбыйлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар барысымен таныстырды. Осы кездесуде облыстық мемлекеттік қызмет істері басқармасының ішкі, сыртқы талдау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бөлімінің бас маманы Ерік Төлепқалиев баяндама оқып, қоғам кеселіне айналып отырған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті мектеп қабырғаларынан бастап енгізу қажеттігі, мемлекеттік қызметтегі ішкі, сыртқы талдауға қатысты мәселелер туралы түсініктер берді.

       Аталмыш тақырыптағы ауданымыздағы ахуал туралы аудан әкімі аппаратының басшысы Е.Тұрмағамбетов баяндап, аудан әкімі А. Халелов мемлекеттік қызметтегі жауапкершілік қашанда жоғары болатынын ескере өтіп, халыққа біз үлгі көрсетуіміз керек, заң ортақ, оның талаптарын бұлжытпай орындауымыз қажет,- деп түйіндеді.

     Бұдан кейін М.Нұртазин мемлекеттік қызметкерлер мен халыққа қабылдау жүргізді.

www.zhaikpress.kz

Қаршыға Елемесов

Шыңғырлау ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале