11.05.2016, 12:55
Оқылды: 18

Жауынгер қарияны жеңіс күнімен құттықтады

Kaztalov jauinger kariani kyttiktadi      9 мамыр күні аудан әкімі Нұрлан Бекқайыр Жалпақтал ауылының тұрғыны соғыс және еңбек ардагері Жұмат Сәрсембиевтің шаңырағында болып, Жеңістің 71-ші көктемімен құттықтады.


     Осы майдангердің шаңырағына арнайы келген аудан басшысы Нұрлан Мағазұлы әлеуметтік және денсаулық сақтау министрі Тамар Дүйсенованың, облыс әкімі Алтай Көлгіновтың және аудан атынан өзінің құттықтауын сый-сияпат табыс етті, елдің ақылман ағасына риясыз көңілден ғасырлық ғұмыр тіледі. Абзал ардагерді аудандық «Нұр Отан» партиясының филиалы, аудандық және ауылдық ардагерлер кеңесі, облыстық мәслихат депутаты, аудандық ішкі саясат бөлімі, Жалпақтал ауылдық округ әкімдігі, Жалпақтал атыраптық пошта байланыс бөлімшесінің басшылары да шын жүректен құттықтап, естелік тартулар тапсырды.

    Жаңақала ауданында дүниеге келген Жұмат атамыз 1942 жылы әскер қатарына алынады. 3-Украина майданы №58 атқыштар дивизиясы құрамында Орел, Курск, Усманов қалаларына азат етуга қатысқан. 1944 жылы Жұмат Сәрсембиевтің ерлігі ескеріліп, 3-дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған. Елге оралған Жұмат атамыз еңбекке араласып, абыройлы қызмет етті.

     Өмір мен өлім ортасынан от кешіп қайтқан қария бүгінгі бейбіт те тыныш заманның Қазақтың бағына, көгілдір көгіне орнағанына мың тәуба дейді. Отты күндердің оралмауын сұрап, Жаратқаннан жайлы тұрмыс, баянды бақыт тілеп, келген меймандарға алғысын айтып, ақ батасын берді.

www.zhaikpress.kz

Тұрарбек ҚАЙЫРҒАЛИ

Жалпақтал ауылы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале