24.06.2015, 13:08
Оқылды: 16

Жау қолында көз жұмған жерлес

Janibek Shamidullin     Қан майданда жау қолына тұтқынға түсіп, лагерьде қайтыс болған жерлесіміз туралы тың деректі негізге ала отырып, Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің орталық мұрағаты арқылы www.obd-memorial.ru  сайтынан алынған  мәліметке көз жүгіртейік:

Тегі, аты-жөні: Шамидуллин Файзулла Шамидулла. Туған жылы: 13.09.1912. Лагердегі нөмірі: 8707. Тұтқынға түскен уақыты: 28.06.1942. Тұтқынға түскен жері: Старый Оскол. Лагерь: шталаг IX В. Тағдыры: Тұтқында қайтыс болған. Әскери шені: солдат. Соңғы қызмет орны: 496-ыншы  атқыштар полкі.Ұлты: қазақ. Әкесі Шамидулла, анасы Жамига. Бойы: 155 см. Басбармағының таңбасы алынған. Қайтыс болған уақыты: 14.05.1944. Латын тіліндегі тегі: ScҺamidullin. Жерленген жері: Витмаршен. Туысы мен мекенжайы: Шамидулленова Назих Батыс Қазақстан облысы, Жәнібек ауданы, Хамисти деревнясы (құжатта солай). Негізі Қамысты ауылдық кеңесі болуы керек(автор).  (ҚМОМ. Қор: 58.Тізімдеме: 977521. Іс: 2025. Парақ: 70).

Ресей Қорғаныс министрлігінде сақталған құжат осылайша сыр шертеді. Осы бір құжат арқылы 1999 жылы Орал қаласынан жарық көрген «Боздақтар» кітабына енбей қалған тағы бір жерлесіміз туралы мәліметке қанық болдық.

www.zhaikpress.kz

 Ахмедияр БАТЫРХАНОВ    

  Жәнібек ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале