30.09.2015, 12:01
Оқылды: 27

Жаяу туризм күнінде

Zelenov turiada  Бүкіләлемдік туризм күнінде зеленовтық мекеме қызметкерлері жаяу туризм жарысында сынға түсті. Қазақ хандығының 550 жылдығына, Қазақстан Республикасы Ата Заңының 20 жылдығына, Қазақстан халқы Ассамблеясының жылына арналған жарыстың ашылу салтанатында сөз алған аудан әкімі Кәрім Жақыпов барлық қатысушыларды дүниежүзілік туризм күнімен құттықтап, аталмыш жарыстың бұқаралық спортты дамытуға тигізер рөлі үлкен екенін айтып, тек мықтылар ғана жеңіске жетсін деген тілегін білдірді. Содан соң жарыстың туын аталмыш доданың былтырғы жылғы жеңімпаздары «Ауылдық округтер әкімдері» командасы  көтерді.

Сайысқа қатысқан 8 команда «Таныстыру», «Туристік техника», «Сурет», «Аспаз өнері» кезеңдері бойынша сынға түсті. Қатысушылардың ептілігі мен жылдамдығына, тапсырмаларды  ұқыпты орындауыларына қарай бағаланды. Тартысты да қызықты өткен жарыс қорытындысында экономика және қаржы бөлімі III, аудандық орталық аурухана қызметкерлері II, Переметный ауылдық округі әкімі аппараты тобы I орынды иеленді. Барлық қатысушыларға бағалы сыйлықтармен мақтау қағаздары табысталды.

www.zhaikpress.kz

Динара Насырова

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале