12.10.2015, 15:03
Оқылды: 18

Жағдаймен жіті таныспақ

ZH-350x350Зеленов ауданында қысқы жылыту маусымына дайындық жұмыстары тағы бір мәрте пысықталды.

Мектептер мен балабақшаларды, ауруханалар мен өзге де әлеуметтік нысандарға  жылу беруге пәрмен берген аудан әкімі Кәрім Жақыпов бүгін сала басшыларының жылыту маусымын бастау туралы мәліметтерін тыңдады.

Барлық әлеуметтік нысандардың дайындығы туралы ақпаратқа қаныққан аудан басшысы аса жауапты маусым қарсаңында ауылдарды аралап, жұртшылықпен жүздесу жоспарлағанын жеткізді.

Аудан әкімі округтерді аралау барысында елді мекендердің абаттандырылуы мен сенбіліктердің тиісті деңгейде ұйымдастырылуын бақылап, көмекке мұқтаж жандардың жағдайымен таныспақ. Сондай-ақ жұртшылықпен жүздесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан көтерілген сұрақтардың шешімін табуы турасында округ әкімдері мәлімет бермек.

www.zhaikpress.kz

Нұржан Дүзбатыр

Зеленов ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале