26.02.2016, 18:03
Оқылды: 37

«Жақсылық жаса» акциясы жалғасуда

Brifing berikkaliev Adilet   Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің БҚО филиалында «Жақсылық жаса» акциясының облыстағы жүзеге асу барысы» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтті.


-Қазіргі таңда «Жақсылық жаса» акциясы аясында жақынға, сондай-ақ қарттарға және жалғыз басты адамдарға көмек көрсетуге бағытталған бірқатар іс-шаралар жүргізілуде. Оның ішінде өскелең ұрпаққа егде жастағы адамдарды қадірлеу, қоршаған адамдарға мейіріммен қарауды тәрбиелеуге бағытталған «Орын бер, сыпайы бол», жалғыз басты егде жастағы адамдарға тұрмыста көмек көрсетуге бағытталған «Ардагерлерді ардақтайық!», волонтерлердің балалар және қарттар үйіне баруына және оларға қайырымдылық көмек көрсетуге, мәдени іс-шараларды ұйымдастыруға бағытталған акциялар,-деді «Қамқор» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы Әділет Берікқалиев.

-Біздің мекемеге ата-аналық құқығынан айырылғандардың балалары көптеп түседі. Соңғы уақытта біздің балалар үйіне тым жақсы қаржы бөлініп, Үкімет барлық балаларды толығымен өз қамқорлығына алып отыр. Негізінен біздің ұжымның, үкіметтің мақсаты - балаларды үйге жіберу. Балалар жүректің жылулығын, үйдің тәрбиесін көрсін деп тырысамыз. Былтыр патронаттық тәрбиеге 38 бала жіберілді. Биыл аздау, әзірге төрт баланы патронаттық тәрбиеге әзірлеп жатырмыз. Жалпы 17-18 жастағы балаларды патроноттық тәрбиеге беру қиындау. Өсіп кеткен балаларды ешкім алғысы келмейді. Олардың жасы 3-тен 18-ге дейінгілер. Сондықтанда көбін өзіміз өсіріп, мектебін тәмамдатып, жоғары оқу орнына түсуге жағдай жасаймыз, -деді облыстық балалар үйінің директоры Раиса Наурызова.

www.zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале