13.10.2015, 13:18
Оқылды: 13

Жақсының аты өлмейді...

сулейменовБиыл 85 жылдығын атап өткен аудандық газет тарихында 1972 жылы Орда ауданы қайта құрылып, басылым «Орда жұлдызы» атауымен жарық көрген сәтте оның бастауында болған редактор Хамит Сүлейменовтің алар орны ерекше.

Редакция мен баспахананы бірдей басқарған ол журналист, полиграфист мамандар даярлап, осы салаларды дамытуда зор еңбек сіңірді.

Ардагер ұстазымыз Хамит ағаның ұрпақтары, дәлірек айтсақ, қыздары Зәуреш (Зоя) жұбайы Елемес Балжановпен, Меруерт ұлы Қуанышбек Көктаубаевпен келіп, әкелері басына тәу етіп, рухына арнап ас берді. Әрі бұрынғы баспахана (қазіргі спорт мектебі) ғимараты қабырғасына қойылған ескерткіш тақтаны көріп, көңілдері толқыды. Сондай-ақ әкелерінің ерен еңбегін ел есінде қалдыру бағытында жұмыстанып, белгіні орнатушыларға өздерінің алғыстарын жаудырды.

www.zhaikpress.kz

Бөкейордасы ауданы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале